20 маусым 2023 | 16:37

Биыл қанша қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Конституциялық сот құрылған күннен бастап үш мыңнан астам қазақстандық жүгінгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Конституциялық сот құрылған күннен бастап үш мыңнан астам қазақстандық жүгінгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл сандар өтініш білдіргендердің әрқайсысының өз құқықтарын қорғауға деген ұмтылысын көрсетеді.

"Бес айдың ішінде үш мыңнан астам азамат өз құқықтарын конституциялық қорғауға өтініш берді. Бұл сандар азаматтардың жаңа органға мүдделілігін ғана емес, сонымен қатар өтініш бергендердің әрқайсысының өз құқықтарын қорғауға деген ұмтылысын білдіреді. Келіп түскен арыздардың ішінде соттардың шешімдерімен келіспейтіндері туралы айтылады. Конституциялық соттың сот шешімдерін бағалауға құқығы жоқ екенін атап өткен жөн", - деді Азимова.

Азимованың айтуынша, өтініштердің тағы бір бөлігі тұрғын үй-еңбек қатынастары, әлеуметтік қорғау, жазаны орындау, ақпаратқа қол жеткізу, жеке тұлғалардың банкроттығы және басқа да мәселелер бойынша сот актілерін орындамау.

"Өтініштердің төрттен бір бөлігі ғана, бұл 26 пайыз - азаматтар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің конституцияға сәйкестігін сұрайды. Ең көп өтініштер Астана, Алматы, Қостанай облыстарынан түседі", - деді Эльвира Азимова.

Еске салайық, Конституциялық сот 2023 жылдың 1 қаңтарында жұмысын бастаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети