20 тамыз 2021 | 17:23

Биыл Қазақстан COVID-19-ға қарсы вакцина алуға 95 миллиард теңге жұмсады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина сатып алуға қанша ақша жұмсағанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина сатып алуға қанша ақша жұмсағанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз қазір жеткізуші компаниялармен құпиялылық (вакциналардың бағасы бойынша. - ескерт.) туралы келісімдер жазылғанын ескере отырып, осы сандарды жариялауға рұқсат сұрадық. Негізінен, біз вакцина құны туралы жалпы сандарды айта аламыз. Биыл иммунизацияға 95,3 миллиард теңге жұмсалды, 10 миллион 890 мың адамға вакцина сатып алынды", - деді министр ОКҚ брифингінде.

Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігі басшысы барлық көрсеткіш пен баға зауыттардың ресми бағасы екенін айтты.

"Жалпы, вакцинаның бірнеше түрі бойынша келісімшартқа отырдық. "Спутник V" вакцинасының 14,2 миллион дозасын, Hayat-Vax - 1 миллион доза, QazVac 2,97 миллион доза және Sinovac 500 мың доза сатып алдық. Қазіргі уақытта 4 миллион доза Sinopharm вакцинасы жеткізілуі керек", - деп қосты Цой.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети