05 желтоқсан 2019 | 16:59

Биыл Қазақстанға әлемнің 200 елінен 5,6 миллион адам келген - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда "Қазақстандағы көші-қон: проблемалар, тенденциялар, перспективалар" атты республикалық дөңгелек үстел өтті, оның барысында адам саудасының алдын алу және адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, сонымен қатар ішкі, сыртқы, этникалық және заңсыз көші-қон мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда "Қазақстандағы көші-қон: проблемалар, тенденциялар, перспективалар" атты республикалық дөңгелек үстел өтті, оның барысында адам саудасының алдын алу және адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, сонымен қатар ішкі, сыртқы, этникалық және заңсыз көші-қон мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Еңбекмині басшысы өз сөзінде Қазақстанның көші-қон саясаты: мигранттардың құқықтарын сақтау және қорғау, кемсітушіліктің кез-келген түріне жол бермеу; мигранттардың да, ел азаматтарының да құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету; ұлттық заңдар мен халықаралық міндеттемелерді сақтау болып табылатындығын атап өтті.

"Ішкі істер органдарының мәліметінше, биыл 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанға 5,6 миллион адам кіріп, әлемнің 200 елінен 5,3 миллион шетелдік азамат шығып кетті. Ішкі істер органдарында 1,2 миллион, оның ішінде: ТМД елдерінен - 1,1 миллион, алыс шетелдерден - 95 мың шетелдік тіркелген. 2 210 жұмыс берушіде 22 мыңға жуық шетел азаматы Шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы бойынша еңбектенуде", - деді Біржан Нұрымбетов.

Ол сондай-ақ, 76,2 мың шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 9 мыңы республикадан тыс жерлерге шығарылғандығын, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактілері бойынша 43 және елден шығарып жіберу туралы шешімдерді орындамағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғалғандығын айтып өтті.

Өзбекстаннан (46 пайыз), Қытайдан (34 пайыз), Монғолиядан (7 пайыз) және Түрікменстаннан (7 пайыз) барлығы 13 мыңға жуық этникалық қазақ тарихи отанына оралды.

"Қазақстан транзиттік, межелі, ал кейінгі кезде көшіп-қонушылардың шығу елі болып табылатындықтан, бізді бақылаусыз жаһандық көші-қон мәселесі алаңдатып отыр. Реттелмейтін көші-қонның көлемі мен құрамын бағалау оңай емес, сондықтан халықаралық және өңірлік деңгейде деректерді жинау жүйесі мен бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру бірінші кезектегі міндет болып табылады", - деді министр.

Іс-шараға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Халықаралық көші-қон ұйымының Орталық Азия бойынша үйлестірушісі, ХКҰ-ның Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы миссиясының басшысы Зейнал Гаджиев, мемлекеттік органдар ҮЕҰ өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети