Биыл мектепке үш миллион бала барады - Сағадиев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл мектепке үш миллион бала барады - Сағадиев © usolie.info

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2018 жылы мектепке үш миллионнан аса баланың баратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2018 жылы мектепке үш миллионнан аса баланың баратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2018 жылы үш миллионнан аса бала мектепке барады, олардың 350 мыңы бірінші сыныпқа барады", - деді Сағадиев үкімет отырысы барысында.

Сондай-ақ, министр республикалық бюджет есебінен 110 мектептің салынып жатқанын, оның 72-сі биыл пайдалануға берілетінін айтып өтті.

"Жаңа оқу жылында жаңартылған оқулықтарға 3, 6, 8-сынып оқушылары өтеді. Педагогтар қажетті курстардан өтіп жатыр. (...) Оқулықтардың электрондық нұсқасы енгізіліп жатыр", - деді министр.

Оның айтуынша, мектеп формасына қатысты ешқандай өзгеріс жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети