Қазақстанда әскерилер, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен депутаттардың еңбекақысын көтеруге 2017 жылы 33,1 миллиард теңге қарастырылды. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр баяндамада республикалық бюджеттің 2017 жылғы шығыны 11 триллион 191,5 миллиард теңге, бұл нақтыланған жоспардан 15,1 миллиардқа көп.
"Бюджеттің шығындық бөлігінің өзгеруі екі бағытта жүрді. Біріншісі - Елбасының бастамалары мен тапсырмаларын және халықаралық міндеттерді іске асыруға 89,4 миллиард теңге. Бұл үкімет қоры мен кірісті арттыру есебінен жүреді. Әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен депутаттардың еңбекақысын көтеруге 33,1 миллиард теңге қарастырылған", - дейді Сұлтанов үкімет отырысында.
Оның сөзінше, "Назарбаев Университетінің" мақсатты салымын ұлғайту үшін 22,2 миллиард теңге бөлінеді. Сонымен бірге, EXPO аумағында көрмеден кейінгі шаралар мен кеңселерді даярлауға 20 миллиард теңге қарастырылды.