Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті биыл тұрғын үйлерді су басу болмайды деп уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті биыл тұрғын үйлерді су басу болмайды деп уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір қар шығару бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз, қазір іс жүзінде қар жоқ. Жеке сектор орналасқан көшелерге ерекше назар аударылған. Күні кеше ғана әкімдікте жиын өтіп, онда мысалдар келтірілді, қызметкерлер жеке секторларды аралап, қардың көп жиналатын жерлерін суретке түсіріп алды.
Күні кеше жұмыстың жүйелі жүргізіліп жатқанын, қардың шығарылғанын хабарлаған едік. Мұндай жұмыстар жүргізіліп жатыр, сонымен қатар арықтарды тазарту, нөсер кәріздерін төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Канал жүйелерінің 76 пайызы тазартылды, бұл жұмыс жалғасып жатыр. Биыл тұрғын үйлерді су басу болмайды деп ойлаймын", - деді брифингте Астана қаласы ТЖД басшысының орынбасары Дастан Алдабеков.
Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаменті 2-5 наурыз аралығында су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындық бойынша оқу-жаттығу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қаладан 3,5 мың текше метр қар шығарылған. Су тасқыны кезінде 13 орналастыру пункті мен бірнеше қонақүй дайындалған. 960 аулада 56 рейд жүргізілді.
"Жеке үйлердегі қарды тазалау үй иелерінің жұмысы, қарды тазалауды сұраймыз", - деп қосты Алдабеков.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!