11 сәуір 2019 14:09

Биыл Шымкентке жаңа 300 автобус жеткізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентке жаңа 300 автобус жеткізіледі. 35 жаңа автобус биыл мамырда іске қосылcа, қалғаны маусым соңына дейін келеді. Автобустарды жаңарту ісімен Shymkent ӘКК айналысады. Олардың өкілдері Қытайдың Хэфэй қаласындағы зауыттан автобустардың құрастырылуы мен жөнелтілуіне қатысты мәселелерді бақылайды, - деп жазады "Отырар"


Шымкентке жаңа 300 автобус жеткізіледі. 35 жаңа автобус биыл мамырда іске қосылcа, қалғаны маусым соңына дейін келеді. Автобустарды жаңарту ісімен Shymkent ӘКК айналысады. Олардың өкілдері Қытайдың Хэфэй қаласындағы зауыттан автобустардың құрастырылуы мен жөнелтілуіне қатысты мәселелерді бақылайды, - деп жазады "Отырар"

2018 жылы 21 желтоқсанда Shymkent ӘКК және "БРК-Лизинг" АҚ ("Қазақстан Даму банкі" АҚ-ның еншілес ұйымы және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрылымына кіреді) 9 миллиард 315 миллион теңгеге ANKAI HFF6850G маркалы 300 дана автобус сатып алу туралы қаржы лизингі келісімшартын жасасқан. 

Алғашқы жарна бюджеттік қаражат есебінен автобустардың жалпы құнының 20 пайызы көлемінде қарастырылған, бұл 1 миллиард 863 миллион теңге, қалған қаражат - "БРК-Лизинг"АҚ беретін қарыз. Қазіргі уақытта "Shymkent" ӘКК" АҚ бастапқы жарнаны жапты. Автобус бөлшектері Қытайда жасалады, ал Қостанай қаласындағы "Сарыарқаавтоөндірісі" зауыты құрастырады", - делінген "Shymkent" ӘКК" АҚ хабарламасында. 

"Биыл Шымкент жолдарында 300 жаңа автобус жүреді. Өндіріс процесі соңғы сатыда. Жаңа автобустар өсіп келе жатқан қалалық траффикті "жеңілдетуге" көмектеседі. Олар мүмкіндігі шектеулі жандар мен арбадағы балаларға арналған пандустармен, жолаушылар ағынын есепке алу жүйелерімен, қолма-қол ақшасыз төлемдермен, LED-экрандармен жабдықталады. Бірінші партия 2019 жылы мамырда Шымкентке келеді деп күтіледі", - деді "Shymkent "ӘКК" АҚ департаментінің директоры Қадыржан Әбілов.

"Автобустар катафорезді қолдану арқылы шанақты коррозияға қарсы өңдеуді қоса алғанда, автокөлікке қойылатын барлық техникалық стандарт пен заманауи талаптарға сәйкес келеді. Автобустардың жалпы сыйымдылығы - 56 адам, автобус ұзындығы - 8,5 метр. Қосымша жайлылық пен қауіпсіздікті кондиционерлеу, бейнебақылау жүйелері, сондай-ақ, салондағы жолаушыларға дыбыстық хабарлау жүйесі қамтамасыз етіледі", - деді "СарыарқаАвтоПром" ЖШС өкілі Ирина Миронова.

Қазір қалада 26 көлік компаниясы жұмыс істейді. Күн сайын маршруттарға 1200 автобус пен шағын автобус шығады, ал автопарктер қызметін 500 мыңнан аса жолаушы пайдаланады. Парктің жылжымалы құрамының 50 пайыздан аса көлігі техникалық талаптарға сәйкес келмейді және 10 жылдан аса уақыт пайдаланылған. Сонымен қатар, автобустық техниканың қолда бар көлемінің 40 пайызы ғана автобус парктеріне тиесілі, қалған техника жалға алынған. Тағы бір мәселе бизнесте ашықтықтың болмауы: тасымалдаушылар рентабельділікке, ал жолаушылар тасымалдаушылар қызметінің сапасына шағымданады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети