26 ақпан 2015 18:05

Биыл іске қосылатын 70 кәсіпорынға инженерлер қажет - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділовті қабылдады. ©akorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділовті қабылдады. ©akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділовті қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Нұрсұлтан Назарбаев Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділовті қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесуде Мемлекет басшысы оқу орнын техникалық зерттеу университетіне айналдыруға байланысты маңызды міндет тұрғанына тоқталды. Сонымен бірге, ол елді индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үдерісінде жоғары білікті инженер мамандарға сұраныс ұлғаятынын атап өтті. "Индустрияландыру жылдары салынған 700-ден астам нысан, сондай-ақ биыл іске қосу жоспарланған 70 шақты кәсіпорын жақсы дайындалған инженерлерді қажет етеді. Сондықтан соңғы кездері республиканың жоғары оқу орындарын дамыту және трансформациялау мәселесіне айрықша көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, қаржыландыруды ұлғайту, ғылыми-зерттеу институттарын университеттердің қарамағына беру ісі студенттерге оқу барысында ғылыммен айналысуға жағдай жасауға бағытталған. Өкінішке қарай, бүгінде түлектердің көпшілігі, тіпті ғылыми дәреже алғандары да ғылымға талпынбайды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жексенбек Әділов Алматыда ресурс үнемдеу саласындағы инновациялық кластер құру барысы туралы айтты. Сондай-ақ техника мен технология, геология және тау-кен металлургия салалардағы инновациялық жобалар туралы баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы инженерлік білім беруді дамыту саласына қатысты бірқатар міндеттер қойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети