12 қараша 2019 | 11:12

Биыл тоғыз айда республикалық бюджет кірістері 17 пайызға ұлғайды - Смайылов

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында 2019 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің орындалуы мәселелері қаралды. Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндады.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында 2019 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің орындалуы мәселелері қаралды. Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндады.

ҚР Қаржы министрлігінің берген мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың 10 айы ішіндегі кірістердің өсу қарқыны 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жоғары. Мемлекеттік бюджеттің кірістері 14 пайызға өсті, республикалық - 17 пайызға және жергілікті бюджеттер - 7 пайызға. Шығыстардың атқарылуы да жақсарды, МБ шығыстары - 98,7 пайыз, РБ шығыстары - 99,2 пайыз және ЖБ шығыстары - 98,4 пайыз.

"Бюджет тапшылығы іс жүзінде есепті кезең жоспарынан едәуір төмен қалыптасты: мемлекеттік бюджет бойынша - 995 миллиард теңге, республикалық бюджет бойынша - 1 триллион 127 миллиард теңге. Жергілікті бюджеттер бойынша 20 миллиард теңге сомасында профицит қалыптасты", - деді Әлихан Смайылов. 

Ұлттық қордың активтері 26 триллион 320 миллиард теңгені құрады. Республикалық бюджетке түсетін кірістер 5 триллион 285 миллиард теңге сомасында немесе есепті кезеңге арналған жоспарға 100 пайыз жиналды.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2018 жылдың 10 айымен салыстырғанда өсім 771 миллиард теңгені немесе 17 пайыз құрады. Негізгі өсім қосылған құн салығы - 443 миллиард теңге, корпоративтік табыс салығы - 194 миллиард теңге, халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтар бойынша - 105 миллиард теңге қалыптасты.

"Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 74 миллиард теңгеге асыра орындалды және 2 027 миллиард теңгені құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кірістер 140 миллиард теңгеге өсті. Бұл негізінен салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Кірістер жоспары Маңғыстау облысын және Нұр-Сұлтан қаласын қоспағанда барлық өңірлерде асыра орындалды", - деді Әлихан Смайылов.

Республикалық бюджеттің шығыстары 9 триллион 565 миллиард теңгені немесе 99,2 пайыз құрады.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 4 триллион 705 миллиард теңгені құрады. Есепті кезеңде өңірлерге 1 триллион 256 миллиард теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді. Жергілікті деңгейде олар 97,3 пайызға немесе 1 триллион 222 миллиард теңгеге игерілді.

Қаржы министрінің айтуынша, есеп беру кезеңінде бюджет қаражатын игеру барысында туындайтын бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2 779 аудиторлық іс-шара өткізілді.

"Аудиторлық іс-шаралармен 694 миллиард теңге қамтылды. 194 миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша 179 миллиард теңге сомасына тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, есепке алу және бюджетке өтеу арқылы бұзушылықтар жойылды. Жүргізілген камералдық бақылау нәтижесінде 743 миллиард теңге сомасына мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтардың алдын алу жүргізілді", - деп түсіндірді Әлихан Смайылов. 

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - қаржы министрі атап өткендей, осы кезеңнің басым міндеті - бюджет қаражатын тиімді және толық игеру. Ол үшін барлық қажетті құжаттарды уақытылы әзірлеп, қабылдау қажет және 2019 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджетті іске асыру үшін барлық бюджеттік рәсімдерді жүргізіп үлгеру керек.

Орталық және жергілікті органдар қараша айында 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті іске асыру үшін мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспарларын әзірлеуі тиіс. Осы жылдың қарашасынан бастап әкімшілер барлық деңгейдегі бюджет қаражаты есебінен 2020 жылға арналған мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды хабарландыруды бастауға тиіс.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети