24 мамыр 2022 | 13:04

Биыл утильалымнан 700 миллиард теңге жиналуы мүмкін

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Экология министрі Серікқали Брекешев биыл қазақстандықтардың кәдеге жарату төлемдерінен шамамен 700 миллиард теңге жиналатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Экология министрі Серікқали Брекешев биыл қазақстандықтардың кәдеге жарату төлемдерінен шамамен 700 миллиард теңге жиналатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр кәдеге жарату төлемдері бойынша алынатын барлық сомадан шамамен 12 миллиард теңге қатты тұрмыстық қалдықтар мен автокомпоненттерді жинауға, тасымалдауға және қайта өңдеуге кететінін мәлімдеді.

"Одан бөлек, істен шыққан автокөлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға шамамен осындай қаражат кетеді. "Жасыл даму" өзінің инвестициялық саясаты негізінде жұмыс істейтінін тағы да айтқым келеді. Алдына ала болжам бойынша биыл 690-700 миллиард теңге жинау жоспарланған", - деді министр.

Бұған дейін министрлік утильалымға байланысты жаңа мәлімдеме жасаған. 23 мамырдан бастап қазақстандықтар утильалымы төленбеген көліктерін төмендетілген мөлшерлемемен тіркей алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети