Биылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімімен танысу үшін МЫНА СІЛТЕМЕГЕ өтіңіз. 

Толық тізім 14 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде шығады.

Осы жылы жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 37 932 грантқа дейін жеткізілді. Оның ішінде, 35 082 грант 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша - 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша - 300 грант), 2850 орын - жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді.

Аталған басымдықтарды ескере отырып, техникалық ғылымдар мен технологиялық мамандықтарға 13 670 грант, педагогикалық мамандықтарға 8 235 грант, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық мамандықтарға 2 682 грант, медициналық мамандықтарға 3 150 грант және т.б. қарастырылды.

Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілген жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілген. Білім грантын тағайындау конкурсына 63 169 адам қатысып жатыр, оның ішінде 49 858 адам - қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 13 311 адам - орыс тіліндегі оқу бөліміне тапсырған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети