Биылғы оқу жылында рекорд болды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биылғы оқу жылында рекорд болды Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда оқу жылы мектеп оқушыларының рекорд санымен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда оқу жылы мектеп оқушыларының рекорд санымен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бюро мәліметінше, бүгін соңғы қоңырау салтанаты 3 597 159 оқушыға арналған.

"Бұл - кейінгі 20 жылдағы оқушылар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш. Оқушылардың басым бөлігі Түркістан облысында - 511 649, Алматы облысында - 453 199 және Алматыда - 314 683. Ең азы - СҚО-да, онда 75 171 оқушы", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство қызметкері жалпы білім беретін мектеп педагогтары саны артқанын атап өтті. 2021-2022 оқу жылында 369 696 болған, ал 10 жыл бұрын мектептерде 306 492 мұғалім жұмыс істеген.

"Жалпы білім беретін мектептер саны, керісінше, жыл сайын қысқарып жатыр. Биыл 7 550 орта мектеп оқушы қабылдаса, бұл көрсеткіш 10 жыл бұрын 7 790 болған еді. Оған себеп - ауылдық жерлердегі мектептердің жабылуы", - делінген статистика бюросы мәліметінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети