Биылғы пітір садақа мөлшері бекітілді

11 Мамыр 2017, 12:56
0
Биылғы пітір садақа мөлшері бекітілді - © Otyrar.kz
© Otyrar.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскеменде өткен Төралқа Мәжілісінде биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әр облыстағы бидайдың бағасы ескеріліп, ортақ мөлшермен бекітілді. Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері - 300 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, пітір садақаны құрманың, мейіздің, арпаның, бидайдың құнымен де беруге болады.

Егер пітір садақаны бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Ал жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет.  

Еске сала кетейік, пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай