Биыл Маңғыстау облысында 1,2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Биыл Маңғыстау облысында 1,2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі Көрнекі сурет © nvdaily.ru

Биыл Маңғыстауда "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 961 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл Маңғыстауда "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 961 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақ басшысының айтуынша, Қазір облыста құны 22 миллиард теңге болатын 32 жоба іске асырылып жатыр.

Негізгі мақсат - тұрғындарды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын (мүгедек балалары бар, көпбалалы аз қамтылған отбасылар, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар) қолжетімді тұрғын үймен қамту. Бүгінде облыста аталған категорияда 8 491 отбасы бар.

Биыл жалпы көлемі 1,2 миллион шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарланып отыр. Осы үйлердің біраз бөлігі аз қамтылған отбасыларына тапсырылмақ. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарын қол жетімді тұрғын-үймен қамту мақсатында тұрғын үй сертификаттарын беру (212 сертификат мақұлданды, 17 сертификат алынды) және Ақтау қаласынан пәтер сатып алу шаралары қабылданды (1,7 миллиард теңгеге 205 пәтер).

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети