"Бізде обед" - кондуктор жолаушыны автобустан қуып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бізде обед" - кондуктор жолаушыны автобустан қуып шықты Видеодан жасалған кадр

Семейде кондуктор жолаушыны автобустан қуып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып кетті. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде кондуктор жолаушыны автобустан қуып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып кетті. 

Видеода қыздың кондукторды соңғы аялдамаға дейін жеткізіп тастауды сұрап тұрғанын көруге болады. Алайда әйел адам "Бізде обед" деген желеумен жолаушының түсіп қалуын талап еткен. 

Бұған наразы болған Семей тұрғыны әлеуметтік желіде мұның алғашқы оқиға еместігін жазып, қала әкімі Ермак Сәлімовтен шара қолдануды сұрайды. 

Бұл жазбаға қатысты наразы тұрғындар да пікір білдіріп, 16 бағыттағы автобустардың расында да осындай қиындықтары барын растады. Желі қолданушыларының сөзінше, жүргізушілер жолаушыларды соңғы аялдамаға дейін апармайды. 

Бұл оқиғаны білген тасымалдаушы жүргізушімен келісімшартты бұзып, жолаушыға дөрекі сөйлеген кондукторды жұмыстан босататынын мәлімдеді. "Санаторий" 16-бағыттағы автобустың соңғы аялдамасы емес. Алайда бұл жүргізуші мен кондукторға ондай құқық бермейді - жолаушылардың талабы бойынша, олар адамдарды жеткізу керек. Сондықтан кінәмізді толық мойындаймыз", - деді таксомоторлы парк басшысы. 

Ал қала әкімдігінің өкілдері тасымалдаушының әрекетін бақылауға алатындарын айтады. "Жүргізушінікі дұрыс емес. Жеткізіп тастап, түскі үзіліске бару керек болатын. Тасымалдаушымен келісім бар. Қазір ауызша айттық. Ары қарай шара қолдану туралы хат жолдаймыз", - дейді жолаушылар көлігі мен автожолдар бөлімінің өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети