11 сәуір 2014 | 15:55

Бизнес кез келген жағдайға бейімделе білуі тиіс - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©i-news.kz Нұрсұлтан Назарбаев. ©i-news.kz

Бүгінде Қазақстанға бизнестің икемсіз жүйесі қалыптасқан. Ал ол кез келген жағдайға бейімделе білуі тиіс. Ақордада өтіп жатқан Ұлттық инвесторлар кеңесінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселені ерекше атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде Қазақстанға бизнестің икемсіз жүйесі қалыптасқан. Ал ол кез келген жағдайға бейімделе білуі тиіс. Ақордада өтіп жатқан Ұлттық инвесторлар кеңесінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселені ерекше атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Президент атап көрсеткендей, бас кезінде қазақстандық бизнестің тәжірибесі болмаған. Содан көптеген қателіктер де болды. "Қазір болса, біз кезінде басқа жерден сұраған нәрсені өз жерімізде жасайтындай деңгейге жеттік. Мемлекет те өз көмегін бере алады. Сондықтан сіздер (отандық кәсіпкерлер - авт.) елімізді ішкі инвестициялардың арқасында, өздерің тапқан табыстың негізінде көтере аласыздар", - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы ірі кәсіпкерлікті емес, шағын және орта бизнесті дамыту жұмысына ерекше мән беру керек деп санайды. "Негізі, 30-40 мың адам жұмыс істейтін ірі өндірістер икемсіз болып келеді. Мәселен, кеше мен баспасөз беттерінен Қытайда 100 шаршы метр үйді үш-ақ күннің ішінде соғатыны туралы оқыдым. Міне, қазіргі бизнестің бет алған бағыты осы. Егер біреу 5-50 адам істейтін кәсіп ашып, оны қазіргі бесекеге барынша икемді қылса, былайша айтқанда, ол бір кәсіптен екінші кәсіпке оп-оңай ауыса алатындай болса, бізге нағыз керегі сол", - деп атап көрсетті Президент. 
 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети