22 ақпан 2017 | 11:21

Бизнеске келгенде ауыл тұрғындары қалалықтарға қарағанда белсенді - зерттеу

© Тұрар Қазанғапов

Ауыл тұрғындары қала тұрғындарына қарағанда жеке кәсіппен белсендірек айналысады. Бұл туралы Ranking.kz сарапшыларының зерттеуінде айтылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауыл тұрғындары қала тұрғындарына қарағанда жеке кәсіппен белсендірек айналысады. Бұл туралы Ranking.kz сарапшыларының зерттеуінде айтылады.

2016 жылдың қорытындысы бойынша қала тұрғындарының 15,4 пайызы ғана жеке кәсіппен айналысады. Сондай-ақ, зерттеудегі мәліметтерге сәйкес, ауыл тұрғындарының 39 пайызы өзіне жұмыс істейді.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының 56 пайызының бизнесін ресми түрде тіркеп, табысын алып отыратыны айтылады. Мамандардың мәліметінше, 2013 жылдың өзінде ауылдық жерлерде халықтың 35 пайызы жеке кәсіппен айналысқан.

Зерттеуге сүйенсек, 2016 жылдың қорытындысы бойынша қалада жеке кәсіппен айналысатындардың саны - 564 мың адам болса, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлердің саны 726 мыңға жеткен. Бірақ ауылдықтардың жеке кәсіппен айналысу деңгейі жоғары болса да, оларға шағын бизнеске несие алу мәселесі әлі де қиындау болып тұр.

Мамандардың айтуынша, ауыл тұрғындарына осы мәселені шешудің жалғыз жолы бар, яғни, микронесиелеу қызметіне жүгіну. Еске сала кетейік, осыған дейін ауыл тұрғындарына берілетін несиелер көлемін 16 миллион теңгеге дейін көтеріп, оларды өтеу мерзімін жеті жылға созу жоспарда бар екені хабарланған болатын. Министрліктегілердің айтуынша, кредиттің мөлшері ҰКП және Қазақстанның шаруа қожалықтары ассоциацияларымен келісілгеннен кейін ұлғайтылады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная