07 қараша 2016 16:26

Ауыл кәсіпкерлеріне 16 миллионға дейін кредит берілетін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ауыл тұрғындарына берілетін кредиттер көлемін 16 миллион теңгеге дейін көтеріп, оларды өтеу мерзімін жеті жылға созу жоаспарланып жатыр, деп мәлімдеді денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова. Бұл туралы министр "Ауылды жұмыспен қамту" бағдарламасын жетілдіру мәселесін талқылау кезінде хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір біз БЖК шеңберінде микрокердиттерді бес жылға үш миллионға дейін беріп жатырмыз. Ағымдағы жылы бес облыста (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан) алты миллионға дейін беріле бастады. Қазір АШМ-мен бірге АШӨК-ті дамыту бағдарламасы аясында шаруашылық бірлестіктер болып біріксе шаруаларға 16 миллион теңгені жеті жылға беру қарастырылуда", - деп түсіндірді Тамара Дүйсенова ҚР Мәжілісіндегі үкімет сағаты барысында депутат Мұхтар Тінікеевтің сұрағына жауап бере отырып. 

Кепілге берілетін мүлік мәселесі қарастырылып жатыр және бұл мәселе жыл соңына дейін шешіледі.

Министрдің айтуынша, кредиттің мөлшері ҰКП және Қазақстанның шаруа қожалықтары ассациацияларымен келісілгеннен кейін ұлғайтылады.

Еске салайық, "Ауылды жұмыспен қамту" бағдарламасы "НұрОтан" партиясы ҚР ДСӘДМ-мен бірлесе отырып, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту мен жұмыссыздықты төмендету мақсатында іске асырылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети