Бизнесмендер су тасқынынан зардап шеккен қызға сыйлағысы келген үйді де су алуы мүмкін. Бұл туралы Ақтөбе әкімдігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бизнесмендер су тасқынынан зардап шеккен қызға сыйлағысы келген үйді де су алуы мүмкін. Бұл туралы Ақтөбе әкімдігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айтуларынша, бизнесмендердің қыздың отбасына сыйлағысы келген жер телімі құрылыс салуға арналмаған.
Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жастағы қыз билікке үндеу айтқан болатын. Ешімовтер отбасы су тасқынынан баспанасынан айырылған еді. Шешесі Тұрғангүл Ешімованың айтуынша, күйеуінің жүрегі әлсіз және ол үйінің қирап қалғанын әлі көрмепті. Басылымның мәліметінше, әйелдің кенже қызы Махаббат № 36 мектебінің төртінші сынып оқушысы екен. Ол мектеп формасынан, оқулықтарынан да айырылып, табиғи апаттан есеңгіреп қалған.
Кейін алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген аты-жөнін атағысы келмеген бизнесменмен бірге су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік 10 жастағы қызға баспана сыйламақшы болған. Алайда осы баспананы салуда олар қиындықтарға тап болды.
Енді өз кезегінде Ақтөбе әкімдігіндегілер бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.
"Ақтөбе қаласының әкімдігі Қайрат Құдайберген мырзаның осы отбасына қайырымдылық көрсетіп, баспана салып беру ынтасын қодлайды. Алайда, үй демалыс аймағында салынғанын және жер телімінің жеке тұрғын үй құрылысына арналмағанын атап өткіміз келеді. Қала әкімдігінен үйдің нысаналы мақсатын өзгерту мәселесіне бойынша айтарымыз мынау - демалыс аймағының территориясына салынға үй тұрғын үй құрылысына арналмаған, ол жақта қажетті инфрақұрылым жоқ. Сондай-ақ, бұл үй су қоймасының маңында орналасқан, сәйкесінше болашақта су алуы мүмкін. Яғни бұл отбасы су тасқыны аймағындағы үйін тастап, су алуы мүмкін үйге көшіп барады деген сөз. Қиын жағдайға тап болған адамдарға қаржылай және материалдық көмек көрсетіп жатқан барлық азаматқа алғыс білдіреміз. Ақтөбеліктерге беріліп, үлестіріліп жатқан барлық қайырымдылық көмекке қатаң түрде бақылау жүргізу керек", - деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.