1 қаңтардан бастап Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) қолдану мерзімі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МКК мәліметіне сілтеме жасап.
1 қаңтардан бастап Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) қолдану мерзімі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МКК мәліметіне сілтеме жасап.
"2024 жылғы 1 қаңтардан бастап егер азамат кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаса, онда ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды (ай сайын 4250 теңге) дербес төлей алады. Бұл медициналық көмек алу үшін медициналық мекемелерге жүгінуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
МӘМС төлеуден декреттік демалыстағы әйелдер, көп балалы аналар және т.б. босатылады, олар үшін жарналарды мемлекет төлейді.
Егер азамат кәсіпкерлік қызметті жалғастыра берсе, онда ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзіне ыңғайлы салық салу режимін таңдауы керек;
- патентті (салық ставкасы 1 пайыз),
- оңайлатылған декларацияны (салық ставкасы 3 пайыз),
- бөлшек салық режимін (салық ставкасы 4 пайыз).
Салық режимін "E-salyq Business" мобильді қосымшасы арқылы таңдай аласыз, онда салық, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі және төленеді. Бұл жағдайда әлеуметтік төлемдердің ең төменгі айлық сомасы 17 425 теңге болады (міндетті зейнетақы жарналары – 8500 теңге, әлеуметтік аударымдар – 2975 теңге, МӘМС жарналары – 5950 теңге).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!