БЖЗҚ АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева жұртшылық арасында зейнетақыны жоспарлауға дағдыландыру шаралары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол ҚР Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі Комитетінің отырысында айтты.
БЖЗҚ АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева жұртшылық арасында зейнетақыны жоспарлауға дағдыландыру шаралары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол ҚР Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі Комитетінің отырысында айтты.
Оның айтуынша, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және зейнетақыны жоспарлау мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Қордың бөлімшелері мен қызмет көрсету орталықтарында қаржы мәселелеріне байланысты жеке кеңес беру қызметі енгізілді.
Кеңес алуға келген салымшыларды бірінші кезекте зейнетке шығу жасы, өз бетінше жарна аудару жолдары, инвестициялық табыс және зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік мәселелері, ең бастысы зейнетақы көлемі мен оны ұлғайту әдістері толғандырады. Қор кеңесшілері барлық сауалдарға жан-жақты жауап беріп, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуге көмектесіп, оның көлемін қалай арттыру тәсілдерін түсіндіреді.
Сонымен қатар, биылғы ақпан айынан бастап мүлде жарна түспеген және жарна түсу тоқтап қалған шоттарды өңдеу жұмыстары басталды. Осылайша Қор 218 мың адаммен байланысқа шығып, нәтижесінде олардың 51 мыңы өздерінің жеке шоттарына жалпы сомасы 1 миллиард теңге көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын аударды.
"Атқарылған жұмыстардың жақсы нәтиже бергені күмәнсіз, сондықтан халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартуға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастыра береміз. Себебі, азаматтардың болашақта зейнетақымен қамтамасыз етілуі зейнетақы жарналарының жүйелі және толыққанды аударылуына тікелей байланысты", -деп атап өтті БЖЗҚ АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева ҚР Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі Комитетінің отырысында.