БЖЗҚ-дағы артық қаражатты "Отбасы банкіне" тек 2022 жылдан бастап аударуға болады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БЖЗҚ-дағы артық қаражатты "Отбасы банкіне" тек 2022 жылдан бастап аударуға болады Фото Tengrinews.kz/Турар Қазанғапов

БЖЗҚ-дан "Отбасы банкіне" артық қаражатты аудару тек 2022 жылдан бастап мүмкін болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ИИМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БЖЗҚ-дан "Отбасы банкіне" артық қаражатты аудару тек 2022 жылдан бастап мүмкін болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ИИМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствода ол салымдарды толықтыру бөлігінде бұйрыққа өзгерістердің әзірлеушісі болып табылатынын атап өтті. Белгілі болғандай, келісу кезінде Еңбек министрлігі құжатты қайта қарауға қайтарды.

"Ұлт жоспарының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 103-тармағына сәйкес бізге депозиттерді толықтыру мәселелері бойынша бұйрыққа өзгерістер әзірлеу тапсырылды. Жоба өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіретін басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Атап айтқанда, Еңбек министрлігі. Қазіргі уақытта біз бұл жобаны одан әрі жылжыту үшін мүдделі мемлекеттік органдармен ортақ келісімге келдік ", - деп хабарлады ҚР ИИМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомствода Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес халықтың зейнетақы салымдарын БЖЗҚ-дан "Отбасы банкіндегі" депозитке аудару нормасын енгізу мерзімі 2022 жылдың қаңтарына белгіленетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети