БЖЗҚ-дағы жымқыру ісінде тағы бір фигурант пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БЖЗҚ-дағы жымқыру ісінде тағы бір фигурант пайда болды БЖЗҚ ғимараты. © Тұрар Қазанғапов

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-дағы жымқыру ісі бойынша тағы бір фигурант пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол - "Мегатрансазия" ЖШС директорының орынбасары Талғас Тұртаев.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-дағы жымқыру ісі бойынша тағы бір фигурант пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол - "Мегатрансазия" ЖШС директорының орынбасары Талғас Тұртаев.

"Сот Талғас Тұртаевқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасының мерзімін үш айға, 23 мамырға дейін ұзарту туралы шешім шығарды", - деп хабарлады Алматы қалалық сотындағылар Tengrinews.kz сауалына берген жауабында.

Сотқа дейінгі тергеу органы Талғас Тұртаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша күдік келтіріп отыр.

Сондай-ақ, Алматы қалалық сотының өкілдері "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Дабыр Медетбековты қамауда ұстау бұлтартпау шарасының мерзімін 8 маусымға дейін ұзарту туралы шешім шығарылғанын хабарлады.

Айта кетейік, "БЖЗҚ" АҚ басқармасының экс-төрағасы Руслан Ерденаевтың, "БЖЗҚ" АҚ Қатерлерді басқару департаментінің Қаржы қатерлері басқармасының басшысы Мұса Бахтовтың, "АлатауМұнайАлтын" АҚ бақылау кеңесінің төрағасы әрі "Бузгул Аурум" ЖШС құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаевтың, "Бузгул Аурум" ЖШС директоры Азат Найзағариннің қамау мерзімі тағы бір айға, яғни 28 мамырға дейін ұзарғаны белгілі болды. 

Сотқа дейінгі тергеу органдары Руслан Ерденаев пен басқаларға мүлікке қатысты көрінеу ауыр қылмыс жасады деген күдік келтіріп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети