26 желтоқсан 2016 | 16:08

БЖЗҚ-дағы тінту шараларының мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БЖЗҚ өз есебінен KASE биржасы арқылы "Бузгул Аурум" ЖШС-нан 5 миллиард теңгеге құнды қағаз сатып алған, осы дерек бойынша Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Келісімдер 2016 жылдың 6 қазанында жасалған.


Иконка комментария блок соц сети

БЖЗҚ өз есебінен KASE биржасы арқылы "Бузгул Аурум" ЖШС-нан 5 миллиард теңгеге құнды қағаз сатып алған, осы дерек бойынша Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Келісімдер 2016 жылдың 6 қазанында жасалған.

Мамандандырылған сауда бастапқы орналастыру бойынша жүргізілген. Бұл операцияға БЖЗҚ-ның өз қаражаты жұмсалған. "Бұл қаражаттың зейнетақы активтеріне ешқандай қатысы жоқ. Ұлттық банк құқық қорғау органдарына қолғабыс етіп жатыр. Басқа сұрақтар бойынша құқық қорғау органдарына хабарласа аласыздар", - деді Терентьев. 

Tengrinews.kz тілшісінің "ҰҚК-ның мұндай мәселелер бойынша тексеріс жүргізуге құзыры бар ма?" деген сұраққа ол "Иә, олардың құзыры бар" деп жауап берді. 

"21 желтоқсанда бізге құқық қорғау органдарының өкілдері хабарласты. Бұл қылмыстық іс қозғау аясындағы кезектен тыс тексеріс. Топ құрылып, оған ҚР ҰБ төрағасы кірді", - деді Терентьев.

Еске салайық, 2016 жылдың 21 желтоқсанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің қатысуымен "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" Акционерлік қоғамының қызметіне тексеріс жүргізілді. Сол кезде тексерістің БЖЗҚ акционерлік қоғамының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылып жатқаны айтылған еді. "БЖЗҚ" АҚ-тың меншікті активтері оның капиталы және шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен қалыптастырылады екен. "БЖЗҚ" АҚ меншікті активтерді дербес басқарады", - дейді банктегілер.

"Азаматтардың зейнетақы жинақтары "БЖЗҚ" АҚ-тың балансынан бөлінген және бөлек ескеріледі. Ұлттық Банк зейнетақы жинақтарын инвестициялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған 2016 жылға арналған бағыттар бойынша ғана жүзеге асырады. Бұл ретте 2016 жылы зейнетақы активтерін экономиканың нақты секторының жеке компанияларының қаржы құралдарына инвестициялау көзделмейді", - делінген еді ҰБ хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети