БҚО әкімі ресейліктер мен украиналықтар көп келіп жатпағанын айтты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО әкімі ресейліктер мен украиналықтар көп келіп жатпағанын айтты ©РИА Новости

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев ресейліктер мен украиналықтардың аймаққа жаппай келуіне байланысты азаматтардың алаңдаушылығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев ресейліктер мен украиналықтардың аймаққа жаппай келуіне байланысты азаматтардың алаңдаушылығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"БАҚ Ресей мен Украинадан келген мигранттар көбейгені туралы жазып жатыр. Бұл мәселелер қоғамды алаңдата бастады, олар аймақтың экономикасына, еңбек нарығына және халықтың жағдайына қалай әсер етеді" - деп сұрады журналист.

Әкім көші-қон қызметі бұл мәселе бойынша деректерді ай сайын келтіріп отыратынын айтты.

"Былтырғы бес аймен салыстырғанда, Ресей азаматтарынан тұруға ықтиярхат сұрағандар саны 25 адамға ғана артқан. Айтарлықтай өсім болғанын көріп тұрған жоқпыз. Украина азаматтарына қатысты да айтарлықтай өсім байқалмайды", - деп сендірді әкім.

Алайда ол Ресей азаматтары бизнес үшін батыс аймақтарға жаппай келе бастағанын айтты.

"Бизнеске байланысты үлкен өзгерістер бар, яғни жеке немесе сауда бойынша шекарадан өтетін адамдарға қатысты. Бұл жерде үлкен өсім байқалады, ал бұл шекаралас өңірлер арасында тауар өткізу бойынша жұмыс жанданғанын білдіреді. Тұрғындардың біздің өңірге көшуіне келетін болсақ, қазір мұндай проблеманы көріп отырған жоқпыз", - деп атап өтті әкім. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети