21 қаңтар 2021 14:58

БҚО әкімі тұрғындарды қол алысудан бас тартуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа енді. БҚО әкімі Ғали Есқалиев тұрғындырды кейбір әдеттен бас тартуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Адамдар әлі күнге дейін қол алысып амандасады. Ішкі саясат басқармасы профилактикалық жұмыстарды күшейтуі қажет. Біз кейбір әдеттен бас тартуымыз керек. Коронавируспен күресудің екі жолы бар: карантин және вакцина. Вакцина бәріне жетпейді. Қазақстан жыл ішінде 6 миллион адамға вакцина салуды жоспарлап отыр. Вакцина КВИ-ді тез жұқтыруы ықтимал адамдарға салынады. Шектеу шараларын жыл соңына дейін қалдыруға тура келуі мүмкін", - деді ол шұғыл штабтың отырысында.

Айта кетейік, 21 қаңтарда БҚО-да 55 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Пандемия басынан бері аймақта коронавирустан 175 адам, пневмониядан 264 адам қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети