БҚО әкімдігі ресейлік туристер көптеп келіп жатқаны туралы хабарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО әкімдігі ресейлік туристер көптеп келіп жатқаны туралы хабарға жауап берді ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

WhatsApp мессенджерінде соңғы апталарда Ресейден Оралға көп адамның келгені туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp мессенджерінде соңғы апталарда Ресейден Оралға көп адамның келгені туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz

Портал мәліметінше, автордың айтуынша, олар қалада баспана жалдап жатыр. Бірақ олардың Қазақстанға келу мақсаттары белгісіз. Хабарламада туристердің көптеп келуі Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты болуы мүмкін екендігі айтылады. Stopfake.kz мәліметінше, бұл олай емес.

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жоққа шығарған.

"Бүгінде Батыс Қазақстан облысында РФ шекарасынан өткен туристер ағыны байқалмайды. Барлық өткізу пункті тұрақты режимде жұмыс істеп тұр. Шекараны кесіп өткен барлық тұлға шекарашылар тарапынан толық бақылаудан өтеді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети