БҚО әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап. 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі өкілі аймақ басшысының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы өкімімен БҚО әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев қызметінен босатылғанын мәлімдеді. Оның өкілеттілігі мемлекеттік қызметке сәйкес келмейтін жұмысына байланысты тоқтатылды.

"Бұл лауазымда Алпысбаев 2019 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істеді. Осы аралықта өзінің жауапты әрі тәжірибелі екенін көрсетті. Ел Президентінің шығысты оңтайландыруға, сыбайлас жемқорлық деректерін анықтауға және т.б. қатысты тапсырмаларын орындау бойынша үлкен жұмыс істеді. Ол мемлекеттік сатып алудың үш жылдық жоспарын әзірлеу кезінде талдау және бюджет қаражатын үнемдеу, неғұрлым тиімді жұмсау секілді мәселелермен айналысты. Аманжол Әлиханұлына жұмысы үшін алғыс білдіреміз және одан әрі кәсіби табыс тілейміз", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі.

Аманжол Алпысбаев сәулет, қала құрылысы және құрылыс, ТКШ саласындағы стратегиялық жоспарлау мәселелеріне, сондай-ақ, тариф саясаты, МЖӘ-ні дамыту, мемлекеттік сатып алу, табиғатты пайдалану, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау мәселелерінде жетекшілік етті.

Еске салайық, былтыр маусымда ол "Мемлекеттік қызмет туралы" заңды бұзды деген күдікке ілінген болатын. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің мәліметінше, Аманжол Алпысбаев мемлекеттік қызметкер бола тұра, "Самұрық Гидро" ЖШС құрылтайшысы әрі директоры қызметін атқарған. Департамент облыс әкімдігіне әкім орынбасарының өкілеттігін тоқтатуы туралы ұсыныс жіберді. Аманжол Алпысбаевтың өзі бұған келіспей, төрт рет сотқа берді. Сот оның пайдасына шешім шығарған жоқ. Шағым кассациялық сотта да қабылданбады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro