Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен жүзуден президенттік тест тапсырды, - деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен жүзуден президенттік тест тапсырды, - деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Басылымның мәліметінше, бүгін, 20 мамыр күні "Жайық Самалы" бассейнінде денешынықтыру және спорт басқармасының шенеуніктері тапсырған тестілеудің екінші кезеңі басталған. Норматив бойынша, президенттік деңгейдегі тапсырманы орындау үшін әкімнің 32 жастағы орынбасарына 43 секундта 50 метрге дейін жүзуі қажет, ал дайындықтың деңгейін дәлелдеу үшін бұл арақашықтықты 48 секундта еңсеру керек. Шенеунік тапсырған тестінің нәтижесі әлі белгісіз.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бахтияр Мәкен мектеп оқушыларымен бірге ҰБТ тапсырып, 125 мүмкіндіктен 82 балл жинаған болатын. Шенеунік бес пәннен сынақ тапсырған: қазақ тілі, математика, Қазақстан тарихы, орыс тілі және дүние жүзі тарихы. Айта кетейік, үш сағат уақыт берілсе де ол 45 минут ішінде барлық тапсырманы орындаған. ҰБТ-дан кейін Мәкен тест күрделі болғанын, бірақ дайындалған жағдайда оны ойдағыдай тапсыруға болатынын айтқан.