05 мамыр 2014 | 20:48

БҚО әкімінің орынбасары ҰБТ-дан өту балын жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақтияр Мәкен мектеп оқушыларымен бірге аудиторияда ҰБТ тапсырды. ©mgorod.kz Бақтияр Мәкен мектеп оқушыларымен бірге аудиторияда ҰБТ тапсырды. ©mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен сынақ түріндегі ҰБТ-да 125 мүмкіндіктен 82 балл жинады, - деп хабарлайды "Мой Город" порталы.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен сынақ түріндегі ҰБТ-да 125 мүмкіндіктен 82 балл жинады, - деп хабарлайды "Мой Город" порталы.

Шенеунік бес пәннен сынақ тапсырды: қазақ тілі, математика, Қазақстан тарихы, орыс тілі және дүние жүзі тарихы. Айта кетейік, үш сағат уақыт берілсе де ол 45 минут ішінде барлық тапсырманы орындаған. Порталдың мәлімдеуінше, егер өту балы 50 деп есептейтін болсақ, онда 82 балл - жаман нәтиже емес. Мұндай нәтижемен әкімнің орынбасары шағын конкурста мамандық бойынша бөлінген гранттан үміттене алады.

ҰБТ-дан кейін Мәкен тест күрделі болғанын, бірақ дайындалған жағдайда оны ойдағыдай тапсыруға болатынын айтты. Тіпті ол көзді жұмып белгілей салған жауаптары да болғанын мойындады. Бұл әсіресе, тарих пәнінен, өйткені онда нақты даталар мен цифрлар талап етілген.

Мәкенмен бірге тестілеуден басқа да шенеуніктер өткен. Мәселен, БҚО әкімдігінің баспасөз хатшысы Қайрат Әбуов ҰБТ-дан 52 балл жинады. Облыстық әкімдік бұл шараны шенеуніктердің мектептік білімін тексеру үшін емес, мектеп бітіруші түлектерді қатты қобалжытатын тестілеуде оларға қолдау көрсету үшін өткізгенін атап өтті.

Айта кетейік, Бақтияр Мәкен Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтын тәмамдап,  "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети