БҚО-да 17 мектеп карантинге жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да 17 мектеп карантинге жабылды

Батыс Қазақстан облысында оқушылар мен мұғалімдерден коронавирус анықталып, 17 мектеп карантинге жабылды. 8 ақпаннан бастап облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен оқу орындары инкубациялық кезең аяқталғанға дейін қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қазір өңірде 17 орта мектеп карантинге жабылғанын, оның 8-і Орал қаласында орналасқанын хабарлады.

"Ақпанның басынан бері Оралда 43 оқушы КВИ жұқтырды. Олардың 28-і штаттық форматта оқыған. Қазір қала бойынша сегіз мектеп карантинге жабылды. 16 ақпаннан бастап екі мектеп жұмысын қайта бастады", - деді Орал қалалық білім бөлімінің бас маманы Бағдагүл Бақтыгереева.

Мектептерде карантин екі аптаға жарияланады. Барлығы қашықтан оқыту форматына ауысады.

Айта кетейік, қазір БҚО коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "сары" аймақта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети