Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев сағат 23.00-ден кейін автокөлік қозғалысын шектеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев сағат 23.00-ден кейін автокөлік қозғалысын шектеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыс әкімінің айтуынша, бұл коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауға ғана емес, сонымен қатар жолдардағы апаттарды азайтуға мүмкіндік береді. Жедел штаб отырысы кезінде ол жағдайдың күрделенуіне байланысты түбегейлі шаралар қабылдау қажет екенін айтқан.
"Бұқаралық іс-шаралар жалғасып жатыр. Ол жиындарда адамдар ішімдік ішеді де түнде жол апатына ұшырайды. Біреуі қайтыс болады, біреуі ауыр жарақат алады. Бұл шектеу шараларын жеңілдетудің нәтижесі. 109 қызметіне хабарланғаннан кейін ғана автокөліктің түнде қозғалуына рұқсат беру қажет", - дейді БҚО әкімі.
Осылайша, Есқалиев бұқаралық іс-шаралар өткізуді жалғастыратын көңіл көтеру орындарына бақылауды күшейту тапсырды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!