БҚО-да 45 миллион теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да 45 миллион теңгенің жері мемлекетке қайтарылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысында прокуратура шаруа қожалықтарының мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысында прокуратура шаруа қожалықтарының мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың заңдылығын талдау барысында ауданда жер телімін қолданбай келген шаруашылықтар анықталып, қабылданған шаралар нәтижесінде 3500 гектардан астам жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Қайтарылған жерлердің жалпы кадастрлық құны 45 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Осы орайда Қаратөбе ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылық тауар өндірішулеріне жер телімдерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес мақсаты бойынша пайдалану қажет екенін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.33   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети