БҚО-да апатқа ұшыраған ұшақ туралы не белгілі?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанның Авиация әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду Батыс Қазақстанда болған ұшақ апатына байланысты операциялық орталықтың шұғыл кеңесін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Авиация әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду Батыс Қазақстанда болған ұшақ апатына байланысты операциялық орталықтың шұғыл кеңесін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңеске ұшуға жарамдылық, ұшу, аэронавигация, лицензиялау, авиация медицинасы, іздеу және құтқару департаменттерінің және ұшу қауіпсіздігі басқармасының өкілдері қатысқан. Операциялық орталық Авиациялық әкімшіліктің апат жоспарын іске қосып, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады және тексеріс жүргізу үшін құжаттар дайындаған.

"Әуе оқиғасы болған Ми-8 әуекемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2022 жылғы 3 мамырда берілді. Тікұшақ 2021 жылғы 27 қаңтарда шығарылған. Қазақстан Республикасының Азаматтық әуекемелерінің мемлекеттік тізілімінде 2022 жылғы 14 сәуірде тіркелген (куәлік нөмірі - 1273, әуекемесінің мемлекеттік және тіркеу тану белгісі - UP-MI874)", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ми-8 типті әуекемесін пайдаланатын әуе компаниялардың қызметіне жоспардан тыс инспекциялық тексеріс жүргізеді. Тексеріс нәтижелері бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда ұшу қауіпсіздігінің барлық мәселесі шешілгенге дейін тиісті сертификаттар мен куәліктер тоқтатылады.

Ведомство мәліметінше, "Қазавиақұтқару" АҚ-ның 2021 жылғы 1 қазанда Қазақстанның авиациялық әкімшілігі берген 2024 жылғы 1 қазанға дейінгі № KAZ-02/027 Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлігі бар. Әуе компания 33 тікұшақ пайдаланады (Ми-8 - 9 бірлік; Ми-171 - 2 бірлік; Ка-32 - 2 бірлік; ЕО-145 - 16 бірлік; Н-145 - 2 бірлік; Н-130 - 2 бірлік).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro