Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Январцево орта мектебінің TikTok-та бейәдеп сөздер айтып, видео жариялаған мұғалімі жұмыстан кетті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Январцево орта мектебінің TikTok-та бейәдеп сөздер айтып, видео жариялаған мұғалімі жұмыстан кетті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Мұғалім өз еркімен жұмыстан кеткені атап өтілді. Бәйтерек аудандық білім бөлімі басшысы Серік Сафиуллиннің айтуынша, TikTok-тағы видео туралы белгілі болған күні ол жағдайды білу үшін Январцево мектебіне барған.
"Келесі күні мектеп директорына ұсыныс беру үшін мектепте әдеп кеңесі өткізілуі керек еді. Алайда сол күні таңертең мұғалім мектепке келіп, өз еркімен өтініш жазды", - деді Серік Сафиуллин.
Еске салайық, Январцево орта мектебі оқушыларының ата-аналары ауыл мұғалімі TikTok желісінде бейәдеп сөздер айтып, видео түсіргенін хабарлаған. Оны мектеп оқушылары да көрген. Ал мұғалім Дамир Батыржан желіде мұндай видео жариялағанына өкінетінін атап өткен.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!