БҚО-да дәрігерлердің салғырттығынан шала туған нәрестенің қолы кесілді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да дәрігерлердің салғырттығынан шала туған нәрестенің қолы кесілді

Астанада оралдық шала туылған нәрестенің оң қолы кесілді. Ата-анасының айтуынша, бәрі Оралдағы облыстық аурухананың перинаталдық орталығы медицина қызметкерлерінің салғырттығынан болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя"-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада оралдық шала туылған нәрестенің оң қолы кесілді. Ата-анасының айтуынша, бәрі Оралдағы облыстық аурухананың перинаталдық орталығы медицина қызметкерлерінің салғырттығынан болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя"-ға сілтеме жасап.

25 тамызда Әжғалиевтер отбасында салмағы 660 грамм, бойы 30 сантиметр болатын шала туған нәресте дүниеге келген. Ол салмақ жинау үшін облыстық аурухананың перинаталдық орталығының жансақтау бөлімінде кувезге жатқызылады.

Ата-анасы сәбиінің есімін Рамазан деп қойған. Уақыт өте Рамазан салмақ жинап, қыркүйекте 800 граммға жеткен.

"15 қыркүйекте әйелім әдеттегідей баланы тамақтандыру үшін жансақтау бөліміне барады. Ол Рамазанның катетер тұрған оң қолының ерекше суық екенін және қарайып тұрғанын байқап бірден медбикеге жүгінген", - дейді баланың әкесі Бақтыбай Әжғалиев.

Анасының шағымынан кейін дәрігерлер бірден баланың қолындағы кататерді алып тастаған. Алайда гематома салдарынан оның қолы қарая бастаған. Үш күннен кейін зерттеу жүргізіліп, дәрігерлер кеңесі жиналып, нәрестені Астанаға Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізуге шешім қабылдаған.

Сол жерде Рамазанның қолына ампутация жасалған, яғни кесіп алынған.

Рамазанның ата-анасы перинаталдық орталық қызметкерлері кататерді дұрыс қоймағандықтан баласы мүгедек болды деп санайды.

Сараптама комиссиясы Әжғалиевтердің шағымын ішінара дәлелді деп таныған.

"Балада веноз және артериаль тромбоздың даму қаупі жоғары болған. Оған қарамастан диагноз қою, консультативтік-диагностикалық шаралар уақытылы орындалмаған", - делінген комиссияның қорытындысында.

Сараптама қорытындысы Орал қаласының прокуратурасына жолданған. Ал денсаулық сақтау басқармасы перинаталдық орталық әкімшілігіне "экономикалық шара" қолдануды ұсынған.

Алайда әлі күнге дейін медицина мекемесінің бірде-бір қызметкері жұмыстан босатылмаған.

Ж

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети