БҚО-да фермерден қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Батыс Қазақстан облысында "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы барысында граната, мылтық, қылыш және патрондар табылды. Қару шаруа қожалығында және оның басшысының үйінде сақталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы барысында граната, мылтық, қылыш және патрондар табылды. Қару шаруа қожалығында және оның басшысының үйінде сақталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фермерден әзірге жауап алынбады. 55 жастағы ер адам қазір ауруханада COVID-19 және екіжақты пневмония диагнозымен жатыр. 

Полиция департаментінің мәліметінше, рұқсат етілген тінту кезінде шаруа қожалығы басшысының үйінен тіркелмеген қару-жарақ тәркіленді: Maveric мылтығы (винчестер), 12 калибрлі патрондар, оның ішінде Калашников автоматынан бар, үш қанжар, қол кісендері, діни кітаптар мен дәптер.

"Шаруа қожалығын тінту барысында бір жауынгерлік граната, Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан оқтар, "Лось" маркалы ойық қару, қылыш пен ағаш шоқпар тәркіленді. Сондай-ақ, діни мазмұндағы алты кітап", - деді БҚО полиция департаментінің басшысы Махсудхан Аблазимов.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері фермер бұрын Ресей Федерациясының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп шыққанын анықтады. 2016 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін Қазақстанда ұрлық үшін сотталған.

Полиция өкілдері қазір БҚО Тасқала ауданында орналасқан ШҚ басшысына қатысты ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro