БҚО-да жолға бөлінген бюджет қаражаты жымқырылған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да жолға бөлінген бюджет қаражаты жымқырылған Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылғы наурызда мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша "Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ мен "Сапак" өндірістік кооперативі арасында Жымпиты ауылындағы жолдарды жөндеуге 259 миллион теңге сомасына шарт жасалған.

"Алайда "Сапак" ӨК директоры "Ак-Би" ЖШС-нің директоры сөз байласып, сеніп тапсырылған қаражатты иемдену схемасын ұйымдастырған. Күдіктілер орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтерді жүйелі түрде енгізіп отырған. Құжаттарда асфальт төсеу, жер қазу, бетондау, су құбырларын жүргізу және басқа да жол жұмыстары толық көлемде көрсетілгенімен, іс жүзінде олар орындалмаған немесе әлдеқайда аз көлемде атқарылған", - делінген ҚМА хабарламасында.

Жалған актілер негізінде тапсырыс беруші бюджет қаражатын "Сапак" ӨК-нің есепшотына аударып отырған. Кейін қаражат схемаға қатысушылар арасында бөлінген.

"Мемлекетке келтірілген материалдық залал 56,5 миллион теңге болды. Сот санкциясымен күдіктілердің бірінің пәтеріне тыйым салынды. Оларға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, бұған дейін сот үкімімен "Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course up  586.74  course up  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети