БҚО-да киіктер неден қырылған болуы мүмкін екені айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да киіктер неден қырылған болуы мүмкін екені айтылды

БҚО-да қырылған киіктер өлігінде күйік пен тесілген іздер болған. Бұл туралы оқиға орнына барған инспекторлар мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да қырылған киіктер өлігінде күйік пен тесілген іздер болған. Бұл туралы оқиға орнына барған инспекторлар мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандар оқиға орнынан түсірілген жантүршігерлік кадрларды жариялады. Суреттерден киіктер өлігінде күйік іздері бары көрінеді. Инспекторлар жараланған жануарлардың көпшілігі далаға кеткен немесе сол жерде қайтыс болған деп болжап отыр.

"372 өлген киік табылды. Олар арна бойында жатты. Жәнібек ауданында осы жануарлардың 200-300 мыңға жуық басы бар. Алдын ала болжам бойынша, ақбөкендер найзағай түсуі себебінен өлуі мүмкін. Жануар өлігінен күйік іздері табылды. Найзағайдан болған жарақатқа ұқсас тесік іздері бар. Бұған дейін найзағайдан жануардың жаппай қырылу жағдайы болған жоқ", - деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы Серік Мәженов.

Батыс Қазақстан облысы аумағында 372 киіктің қырылу себебі қажетті сараптамалар жүргізілгеннен кейін айтылады. Қазіргі уақытта сынамалар зерттеуге жіберілген.

Айта кетейік, БҚО Жәнібек ауданының Тау ауылы маныңда 372 өлген киіктің өліктері анықталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети