БҚО-да көңілді тапқыр ұстаздар сайысы өтті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

10 желтоқсан күні Казталов ауданы орталығындағы С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында жылдың елең еткізер сайысы өтті. Дәлірек айтар болсақ, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен алғаш рет "Көңілді тапқыр ұстаздар" атауымен КТА ойындары ұйымдастырылды. Аудандағы 38 мектептің ішінен 10 білім ордасының ұстаздары ойнаған әзіл кеші тартысқа толы болды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

10 желтоқсан күні Казталов ауданы орталығындағы С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында жылдың елең еткізер сайысы өтті. Дәлірек айтар болсақ, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен алғаш рет "Көңілді тапқыр ұстаздар" атауымен КТА ойындары ұйымдастырылды. Аудандағы 38 мектептің ішінен 10 білім ордасының ұстаздары ойнаған әзіл кеші тартысқа толы болды.

Дәлірек айтар болсақ, Казталов мектеп-лицейінің "Nomad", К.Меңдәлиев атындағы ЖОББМ-нің "Меңдәлиев жастары", Бостандық ЖОББМ-нің "Sveto Copy", Жас негізгі орта білім беретін мектебінің "ZhasStar", Қараөзен мектеп-лицейі, Ғ.Бегалиев атындағы ЖОББМ "Таң қалмаңыз", Ғ.Молдашев атындағы ЖОББМ "Молдашев жастары", Ақпәтер ЖОББМ-нің "IQ", А.Оразбаева атындағы ЖОББМ-нің "Алма жастары", А.Құсайынов атындағы ЖОББМ-нің құрама командалары киелі сахнада бақ сынады.

Білімнің биік шыңын бағындырған ұстаздар қауымы «Сәлемдесу», "Музыкалық пародия", "Үй тапсырмасы" кезеңдері бойынша өздерінің сатиралық жанрда біліктіліктерін көрсетті.

Алты алаштың басы қосылса төрден табылар ұстаздардың өнеріне аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Уәлиқызы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызы және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Өтегенұлы әділ бағаларын берді. Алғашқы екі кезеңнен сүрінбей өткен "Меңдәлиев жастары", А.Құсайынов атындағы ЖОББМ, "IQ", Қараөзен мектеп-лицейінің командалары финалдық кезеңде өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде "Меңдәлиев жастары" жүлделі ІІІ орын, Қараөзен мектеп-лицейі жүлделі ІІ орын, ақпәтерлік "IQ" командасы бас жүлдені қанжығаларына байлады.

Ал Жас негізгі орта білім беретін мектебінің ұстазы Нұрман Мұхтар "Үздік ойыншы" аталымына ие болды.

Шәкіртті білім нәрімен сусындатқан ұстаздар сатира жанрында да мықтылықтарын, жалпы әр саланы бойына жиған мамандар екендігін көрсете білді. Астарлы әзілдерімен елдің мәселелерін, білім саласындағы жаңашылдықтарды, ауданымыздағы күрмеулі мәселелер, отбасындағы жағдайлар, мектептердегі сан түрлі оқиғаларды жұртшылыққа паш етіп, жеткізе білді. Шексіз күліп, риза болып, қошемет көрсеттік. Көрермен де риза. Қалыптасқан бұл үрдіс жалғасын тапса, ауылдан басталған жоба жоғары дәрежеде көрініс табары сөзсіз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материал БҚО-ның әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro