БҚО-да коронавирустан алты медицина қызметкері қайтыс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да коронавирустан алты медицина қызметкері қайтыс болған © Reuters

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан алты медицина қызметкері қайтыс болды. Олардың отбасына 10 миллион теңге мөлшерінде өтемақы беріледі, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан алты медицина қызметкері қайтыс болды. Олардың отбасына 10 миллион теңге мөлшерінде өтемақы беріледі, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

Аймақтың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюповтың айтуынша, коронавируспен күресте еңбек еткендердің барлығына төлемдер, қосымша төлемдер және өтемақылар уақытында берілген. 

"Өкінішке қарай, дәрігерлеріміздің арасында вирус жұқтырғандар да болды, олар да екі миллион теңге көлемінде өтемақы алды. Жалпы 70 адамға төлем берілді. Қайтыс болған алты медицина қызметкеріне қатысты материалды талдау бойынша комиссияның отырысы өтіп жатыр. Олардың отбасына 10 миллион теңге беріледі", - дейді Каюпов.  

БҚО бас дәрігерінің сөзінше, облыста 30 мыңнан аса қосымша ПТР-тест бар, оны кез келген ауруханада тапсыруға болады. 

5 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Батыс Қазақстан облысында COVID-19 жұқтырғандардың саны 6775-ке жетті, оның ішінде, 6210 адам аурудан айықса, 97 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети