БҚО-да күнбағыс майы күрт қымбаттады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©Tengrinews.kz Фото: ©Tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысында күнбағыс майы қымбаттады. Соңғы айда май бағасы 140 теңгеге өсті. Өңірдегі кәсіпкерлік басқармасы бұл өнімге шекті баға белгіленгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында күнбағыс майы қымбаттады. Соңғы айда май бағасы 140 теңгеге өсті. Өңірдегі кәсіпкерлік басқармасы бұл өнімге шекті баға белгіленгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оралдағы дүкендерде күнбағыс майының бір литрі орташа есеппен 750-ден 800 теңгеге дейін сатылады. Сатушылар тұтынушы бұл бағаға наразы екенін айтты.

"Дүкенімізде жергілікті өндірілген май әлеуметтік бағада сатылады. Наурызда бір литр май 605 теңге, қазір 745 теңге болды. Сұраныс төмендеді, адамдар мұндай қымбат майды сатып алғысы келмейді", - дейді сатушы Полина Трифонова.

Жергілікті май зауытының қызметкерлері қазіргі уақытта 1 литр май өндірісі 800 теңгеге бағаланатынын хабарлады.

"Өнім құнының 95 пайызы шикізатқа кетеді. 2020 жылдың күзінде күнбағыс тұқымының тоннасы 170-180 мың теңге болды, қазір шикізатты тоннасына 320 мың теңгеден сатып аламыз. Былтыр өнім өте нашар болды", - деді "Пойма май комбинаты" ЖШС директоры Ақылбек Сармалаев.

БҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы өкілдері наурыздың ортасында күнбағыс майына шекті баға белгіленгенін хабарлады. Ол литріне 624 теңгеден қымбат болмауы керек.

"Қаулы сәуірдің ортасында жарияланды. Осы кезеңде май бағасы 730 теңге болатын. Өңірде тұрақтандыру қоры бар. Оған 550 миллион теңге бөлінді. 308 миллион теңгеге әлеуметтік маңызы бар тауарлар, соның ішінде күнбағыс майы сатып алынды", - деді БҚО кәсіпкерлік басқармасының ресми өкілі Мейрам Қабдығалиев.

Айта кетейік, бағаны негізсіз өсіргені үшін кәсіпкерлерге 100 АЕК (291 700 теңге) көлемінде айыппұл көзделген.

Бұған дейін қазақстандықтар күнбағыс майының қымбаттағанына шағымданған еді. Кейбір қалада баға 1000 теңгеге дейін жеткен. Сауда және интеграция министрлігіндегілер майдың қымбаттауына қатысты пікір білдірген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro