09 мамыр 2022 | 14:51

БҚО-да қыстауда жоғалып кеткен ер адам он айдан бері іздестіріліп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Шурин 2021 жылдың 4 тамызында таңғы 06.00-де БҚО-дағы "Қарақұдық" қыстағынан шығып, қайта оралмаған, - деп хабарлайды "Мой город" басылымы.


Иконка комментария блок соц сети

Марат Шурин 2021 жылдың 4 тамызында таңғы 06.00-де БҚО-дағы "Қарақұдық" қыстағынан шығып, қайта оралмаған, - деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Марат Шуриннің жары Айнара Закарина 47 жастағы күйеуі табылар деген үмітпен БАҚ өкілдеріне тағы жүгінді. Он ай бойы іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, бірақ жоғалған адам туралы әлі хабар жоқ.

"Ол арасында ішетін. Бірақ ұзақ уақытқа үйден кетіп қалған емес. Ешқандай ерекше ауруы жоқ, есте сақтау қабілеті жақсы. Біздің бір ұлымыз бен екі қызымыз бар. Жұмысқа кеткен. Жәнібек ауданы, Көлтабан Күгенқұл ауылдық округіне қарасты "Қарақұдық" қыстауында 3-4 күн жұмыс істеген ол таңғы алтыда белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмады. Одан кейін оны ешкім көрмеген", - деді Айнара Закарина.

Марат Шуриннің жұбайы оның қысқа шашты, арық, сол қолында татуировкасы бар екенін айтады. Бойы 172 сантиметр.

"Ол сұр жолақты футболка, қою көк шалбар және қара аяқ киім киіп кеткен болатын", - деп түсіндірді ол.

Марат Шуриннің жүрген жерін көрген-білгендер болса, жұбайы Айнара Закаринаның телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз - 8 705 816 68 38.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети