БҚО-да меморган жабдықты нарықтағы құнынан 11 есе қымбатқа сатып алмақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да меморган жабдықты нарықтағы құнынан 11 есе қымбатқа сатып алмақ болған Фото:depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына кедергі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына кедергі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы орган 45,6 миллион теңгеге бейне-конференц-байланыс жинағын сатып алуды жоспарлағаны белгілі болды. Интернет-ресурстардағы баға талдауына сәйкес, ұқсас жабдықтың орташа нарықтық құны төрт миллион теңге шегінде өзгереді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін жергілікті атқарушы орган жоғарыда аталған тауарларды сатып алудан бас тартты.

Жалпы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасын жүзеге асыру аясында волонтерлердің күш-жігері арқасында жалпы сомасы 102 миллион теңге боатын бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети