БҚО-да мүгедек қыздың әкесі баспана алғаннан кейін отбасын қуып шыққан

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры/© "Астана" арнасы Видео кадры/© "Астана" арнасы

Ирина Заварзинаның отбасы жеңілдетілген санат бойынша сатып алу құқығымен жалдамалы пәтер алады. Әйелдің кіші қызының мүгедектігі бар, ол отыра алмайды. Алайда ер адам әйелін екі баласымен үйден қуып шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ирина Заварзинаның отбасы жеңілдетілген санат бойынша сатып алу құқығымен жалдамалы пәтер алады. Әйелдің кіші қызының мүгедектігі бар, ол отыра алмайды. Алайда ер адам әйелін екі баласымен үйден қуып шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Ирина енді бұл баспананың жалдау ақысын төлеуі керек. Өйткені келісімшарт бойынша ол мәміле кепілі.

Жалдау шарты ер адам мен "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" арасында жасалған. Құжатта пәтердің "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Мүгедек баласы бар отбасы" санаты бойынша берілгені анық жазылған. Ирина Заварзина тек кепілгер, бірақ ол қайтадан тұрғын үй кезегіне тұру құқығынан айырылған.

"Пәтер алған соң, оларды кезектен шығардық, тұрғын үймен қамтамасыз етілді және өз мүмкіндіктерін пайдаланды. Егер жұбайын мәміледен шығарғысы келсе, олар Қазақстандық ипотекалық компанияға жүгінуі тиіс", - дейді Орал қалалық ТКШ бөлімінің тұрғын үй және жекешелендіру секторының меңгерушісі Ерлан Шайхиев.

Қазір ер адам пәтер ақысын төлеуді тоқтатқан, яғни кепіл беруші қарызды төлеуге міндетті. Ирина Заварзина түрлі құзырлы орындар табалдырығын тоздырып, күресуден шаршағанын, оның үстіне, жақында қызы қайтыс болғанын айтады. Екі жыл ішінде "Қазақстандық тұрғын үй компаниясына" бірнеше рет жүгінген, бірақ олар телеарна өтінішінен кейін ғана тексере бастаған. Ресми жауапта олардың отбасы мен көршілерінен ешқандай шағым түспегені көрсетілген.

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ жеке өмір құқығын құрметтейді және жалға алушыларының неке-отбасылық қатынастарына араласпайды. 2022 жылдың 18 қаңтарында жүргізілген тексеруге сәйкес, пәтерде санитарлық нормалардың бұзылуы анықталған жоқ", - делінген жауапта.

Тәуелсіз заңгерлер сот КЖК мен ер адам арасындағы келісімшартты жарамсыз деп тану керек еді деп есептейді. Өйткені ажырасқан ер адам өзіне тиесіліден көп алып қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer