19 сәуір 2021 | 17:25

БҚО-да музыка мектебінің меңгерушісі Tik Tok-тағы видеосы үшін жұмыстан шығып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: uralskweek.kz Фото: uralskweek.kz

БҚО Теректі ауданы Балалар музыка мектебінің меңгерушісі Сандуғаш Бисенғалиева TikTok-тағы видеосы үшін жұмыстан босатылды. Мұғалімнің ойынша, оны жұмыстан заңсыз шығарған. Айтуынша, одан басшылық бұрын әріптестерімен бірге мектеп директоры мен бас бухгалтері қатысқан қылмыстық істі ашқаны үшін осылай кек алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" порталына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

БҚО Теректі ауданы Балалар музыка мектебінің меңгерушісі Сандуғаш Бисенғалиева TikTok-тағы видеосы үшін жұмыстан босатылды. Мұғалімнің ойынша, оны жұмыстан заңсыз шығарған. Айтуынша, одан басшылық бұрын әріптестерімен бірге мектеп директоры мен бас бухгалтері қатысқан қылмыстық істі ашқаны үшін осылай кек алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" порталына сілтеме жасап. 

Сандуғаш Бисенғалиева басылым журналисіне өзінің жұмыстан босатылғаны туралы денсаулығына байланысты демалысқа шыққанда білгенін айтты.

"Мен 15 сәуірде денсаулығыма байланысты демалысқа шықтым. 16 сәуірде мені жұмыстан шығарған. Ескерту болған жоқ. Бұл шетсіз шексіз былық болды. Осы жылдың қаңтарында біз мектеп директоры Айдана Давлетованың және бас бухгалтер Алексей Бердниковтың қылмыстық әрекетін аштық - біз, төрт мұғалім, құқық қорғау органдарына шағым жаздық. Содан бері маған тісін қайрап жүр. Мұны маған кек ретінде жасағанына сенімдімін", - дейді Сандуғаш Бисенғалиева басылымға.

Педагогтің айтуынша, ол облыстық еңбек инспекциясына және Теректі аудандық білім басқармасының басшысына шағым жазған. Меңгеруші оның TikTok видеосында жаман, әдепсіз немесе қорлайтын ештеңе жоқ деп санайды.

"Мен ән айтып, видеоға билеген кездерім болды. Балағат сөздер мен біреуді қорлайтын ештеңе айтпадым. Кез келген адам менің парақшама кіре алмайды, өйткені шектеу қойып тастағанмын. Мектеп директоры Айдана Давлетова менің видеоларымды қалай, қайдан алғанын білмеймін. Ол видеоларды мұғалімдер отырған топтарға таратып қана қоймай, мені қорлады. Мұнда этиканы бұзып тұрған мен емес, ол", - деді мұғалім "Уральская неделя" журналисіне.

Өз кезегінде, Балалар музыка мектебінің жетекшісі Айдана Давлетова заңға қайшы ештеңе жасамағанына сенімді. Журналиспен әңгіме барысында ол Сандуғаш Бисенғалиеваға TikTok-тағы видеолары үшін бірнеше рет ескерту жасағанын атап өтті.

"Мен Сандуғашқа қарсы заңсыз ештеңе жасағам жоқ. Оның видеосы педагогикалық этикаға қайшы. Бес ай бұрын оған бір рет ескерту жасадым, содан кейін қатаң сөгіс бердім. Ол тыңдамады, содан оны жұмыстан шығаруыма тура келді", - деді Айдана Давлетова.

Басылым мәліметінше, Теректі ауданының білім беру бөлімі бұл жағдайды біледі, олар мән-жайды анықтауға уәде берді.

"Әрине, денсаулығына байланысты демалысқа шыққан адамды жұмыстан шығару заңсыз. Директор орынбасарларын жұмыстан шығармас бұрын бізге ескертуі керек. Бірақ ол хабарламады. Менің ойымша, Айдана Давлетова өкілеттігін асыра пайдаланып жүр. Біз тексеріс жүргізіп, барлығын заң аясында шешеміз", - деді Теректі ауданының білім беру бөлімінің басшысы Жанагүл Құсайынова. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети