ПОДЕЛИТЬСЯ
24 желтоқсан 2021 | 14:13
БҚО-да омикрон табылған жоқ - дәрігерлер
Батыс Қазақстан облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірде омикрон штамы табылғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде облыста омикрон жағдайы тіркелген жоқ. Әлемде омикрон штамы анықталуына байланысты, сондай-ақ омикрон штамын секвенирлеу үшін COVID-19-ды эпидемиологиялық қадағалау жүйесінде SARS-COV-2 жаңа нұсқаларын уақтылы анықтау маңызды екенін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық сараптама орталығына коронавирус жұқтырған науқастардың оң нәтиже көрсеткен сынамалары жіберілді. Нәтижесі әлі дайын емес", - деді ведомство басшысының орынбасары Гүлдана Кереева.
Бұған дейін "Уральская неделя" Батыс Қазақстан облысында коронавирустың омикрон штамы табылғанын жариялап, бірақ кейінірек бұл жазбаны Telegram-арнасынан өшіріп тастаған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также