24 желтоқсан 2021 13:35

БАҚ-та Батыс Қазақстанда омикрон штамы табылғаны хабарланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Уральская неделя" Батыс Қазақстан облысында коронавирустың омикрон штамы табылғанын жариялады, бірақ кейінірек бұл жазбаны Telegram-арнасынан өшіріп тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Уральская неделя" Батыс Қазақстан облысында коронавирустың омикрон штамы табылғанын жариялады, бірақ кейінірек бұл жазбаны Telegram-арнасынан өшіріп тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

"БҚО-да коронавирус жұқтырған науқастар сынамасынан омикрон штамы анықталды", - делінген облыстың Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті хабарламасында.

Бірақ кейін БҚО-да омикрон штамы табылғаны туралы жазба "Уральская неделя" Telegram-арнасынан өшірілген.

Қазір дүниежүзінде коронавирустың жаңа штамы тарап жатыр. Алғашқылардың бірі болып ол туралы Daily Mail газеті 24 қарашада жазған. Басылым сол кезде Ботсвана, ОАР мен Гонконгте коронавирустың жаңа штамы табылғанын хабарлаған. 26 қарашада ДДСҰ коронавирустың жаңа, қатты мутацияланған нұсқасының ашылғанын ресми түрде жариялады.

Омикрон Еуропаның бірнеше елінде - Германия, Чехия, Италия, Ұлыбритания, Нидерланды және Бельгияда анықталды. Сондай-ақ, Гонконг, Израиль және Аустралияда вирустың осы нұсқасы тіркелгені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети