ПОДЕЛИТЬСЯ
18 сәуір 2019 | 17:38
БҚО-да рұқсат етілмеген жерден өткен полицейге айыппұл салынды
Батыс Қазақстан облысы ПД жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция инспекторы рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтті. Осы жол жүру ережесін бұзу автокөліктің видео тіркеу құрылғысына түсірілген, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

Сонымен қатар, ол өзі тоқтатқан көліктің жүргізушісін де бірге алып өткен.
Қоғамдық белсенді Жан Ботанов осы видеоны министрдің блогына жолдаған.
"15 наурызда 17:19-да Орал қаласының Сырым Датұлы көшесінде Skoda маркалы қызметтік автокөлікті (борт нөмірі - 170) басқарған инспектор жол қозғалысы ережесін бұзды. Сонымен қатар, оның сиреналары қосулы болған. Сондай-ақ, ол тағы бір ереже бұзды - рұқсат етілмеген жерден (жақын маңда "зебра" тұрғанына қарамастан) кесіп өтті", - деп жазды белсенді министр блогына.
15 сәуірде министр Ерлан Тұрғымбаев полицейдің ереже бұзғанын растады.
"Тексеру барысында БҚО ПД ЖПҚ инспекторы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы 1-бөлігі ("Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, хаттама - №192770033017076. Азаматтық белсенділік ұстанымы үшін және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосқан үлесіңіз үшін алғыз білдіреміз", - деді министр.
Показать комментарии
Читайте также