18 сәуір 2019 17:38

БҚО-да рұқсат етілмеген жерден өткен полицейге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысы ПД жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция инспекторы рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтті. Осы жол жүру ережесін бұзу автокөліктің видео тіркеу құрылғысына түсірілген, - деп хабарлайды "Уральская неделя"


Батыс Қазақстан облысы ПД жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция инспекторы рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтті. Осы жол жүру ережесін бұзу автокөліктің видео тіркеу құрылғысына түсірілген, - деп хабарлайды "Уральская неделя"

Сонымен қатар, ол өзі тоқтатқан көліктің жүргізушісін де бірге алып өткен. 

Қоғамдық белсенді Жан Ботанов осы видеоны министрдің блогына жолдаған. 

"15 наурызда 17:19-да Орал қаласының Сырым Датұлы көшесінде Skoda маркалы қызметтік автокөлікті (борт нөмірі - 170) басқарған инспектор жол қозғалысы ережесін бұзды. Сонымен қатар, оның сиреналары қосулы болған. Сондай-ақ, ол тағы бір ереже бұзды - рұқсат етілмеген жерден (жақын маңда "зебра" тұрғанына қарамастан) кесіп өтті", - деп жазды белсенді министр блогына. 

15 сәуірде министр Ерлан Тұрғымбаев полицейдің ереже бұзғанын растады.

"Тексеру барысында БҚО ПД ЖПҚ инспекторы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы 1-бөлігі ("Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, хаттама - №192770033017076. Азаматтық белсенділік ұстанымы үшін және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосқан үлесіңіз үшін алғыз білдіреміз", - деді министр. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети